KRASAVA - ҚАЗАҚСТАН КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ 2017- ЖЫЛҒЫ РЕСМИ ДОБЫ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ.

KRASAVA - ҚАЗАҚСТАН КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ 2017- ЖЫЛҒЫ РЕСМИ ДОБЫ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ.

Спорт.кз сайты Қазақстанның 2017- жылғы футбол маусымда қандай доппен ойнайтындығы жөнінде ақпарат таратты. Ол атақты "Adidas" компаниясының "KRASAVA" атты добы. Енді келер жылы Премьер - лига матчтары, бірінші лига мен қосалқы құрам ойындары осы доппен ойналады. Бұл халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді.

"ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ" КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ" КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"Тараз" футбол клубының басшылығы барлық ұжым қызметкерлері мен олардың отбасын, Жамбылдық футбол жанкүйерлерін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті" күнімен құттықтайды. Еліміздің бейбіт əрі бай қуатты өмір сүруі Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Еліміз тыныш, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер үшін үлкен мереке, үлкен табыстарға жол ашсын деп тілейміз. Ендеше, Елбасы күні құтты болсын ағайын.

АЗАМАТ АЙТҚОЖИН ҚАЗАҚСТАН КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 АЗАМАТ АЙТҚОЖИН ҚАЗАҚСТАН КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚФФ - сының президенті Сейілда Байшақовтың ұсынуымен, өзге де футбол саласы мамандарының қолдауымен Азамат Айтқожин Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының президенті қызметіне тағайындалды. Біздің клуб ұжымы да Азамат Серікұлына жауапты жұмыста сəттілік тілейді. Азамат Айтқожин 1975- жылы туған. ҚФФ- ның жауапты хатшысы, атқарушы директоры сынды қызметтерді абыроймен атқарған.

Коллектив ФК " Тараз" поздравляет

 Коллектив ФК " Тараз" поздравляет 

Уважаемый, Сейлда Икрамулы! Коллектив ФК "Тараз" от всей души поздравляет Вас с избранием на должность Президента Футбольной Федерации РК. Эту новость болельщики Жамбылского футбола, особенно ваши земляки восприняли с большой радостью и гордостью. Зная о том, какой вклад вы внесли в развитие отечественного футбола, мы ещё больше убеждены, что Вы поднимите уровень нашего футбола на ещё более высокую планку. Мы знаем, что поддержка вашей кандидатуры на очередной 14 конференции  в Астане заслуга ваших долгих и плодотворных трудов. Ещё раз поздравляем Вас с такой высокой должностью. 

"Тараз" ФК ұжымы

"Тараз" ФК ұжымы құттықтайды

Құрметті Сейілда Икрамұлы. Сізді "Тараз" ФК ұжымы Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды. Бұл қуанышты хабарды Жамбылдық футбол жанкүйерлері, əсіресе сіздің жерлестеріңіз асқан қуанышпен қабылдады. Біз сіздің ұзақ жылдар ел футболының дамуына қосқан үлесіңізді біле отырып, əлі де қазақ футболын жоғарғы деңгейге көтереді деп сенеміз. Астанада өткен 14-ші кезектен тыс конференцияда бірауыздан сіздің кандидатураңызды қолдауы да сіздің ұзақ жылдардағы жемісті еңбегіңіздің арқасы деп білеміз. Ендеше, лауазымды қызметіңіз құтты болсын.

СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ. ҚФФ- НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ. ҚФФ- НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сейілда Икрамұлы Байшақов 1950- жылы 28- тамызда Тараз қаласында туған. Футболшы ретінде өзінің туған қаласының "Энергетик" командасында, Алматылық "Қайрат" командасында өнер көрсетті. КСРО - ұлттық құрамасында өзін жақсы қырынан таныта білген. Сейілда Байшақов əр жылдары "Қайрат" ФК вице - президенті, Қазақстан шағын футбол ассоциациясының президенті, ҚФФ - төрешілік комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2007- жылдан ҚФФ - ның вице- президенті қызметін абыроймен атқарған. КСРО - спорт шебері, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы.

"АСТАНА" КОМАНДАСЫН ТАРИХИ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

"АСТАНА" КОМАНДАСЫН ТАРИХИ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Футболдан "Астана" командасының Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі тарихи жеңісімен "Тараз" футбол клубының ұжымы құттықтайды. Азулы "Апоэл" командасымен болған ойындағы тамаша жеңістеріңізді барша Қазақ елінің футбол жанкүйерлері асқан қуанышпен қабылдады. Сіздердің кезекті жеңістеріңіз "Астана" командасының жоғарғы дәрежеде ойнай алатын команда екендігін тағы бір көрсетті. Тараздықтар əрқашан сіздермен бірге және алдағы ойындарда да сəттілік тілейді.

БАҒЛАН ЕРГЕШЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ (ПФЛК) ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

БАҒЛАН ЕРГЕШЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ (ПФЛК) ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Фото Айбола Карашева.

Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасын осы уақытқа дейін басқарған Бағлан Ергешев отставкаға кетті. Ол жыл басында тағайындалған еді. Кезінде өзі де футболшы болған Ергешев, ел футболының дамуына өз үлесін қосты. Бағлан Ергешевтің алдағы уақытта атқаратын жұмысына сəттілік тілеген ҚФФ президентінің міндетін атқарушы Сейілда Байшақов оның Қазақ футболының дамуына əлі де өз үлесін қоса беретіндігіне сенім білдірді. Қазақстан Кəсіпқой футбол лигасының жаңа президенті алдағы дүйсенбі күні тағайындалуы мүмкін.

ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫ ЖАТТЫҚТЫРА БЕРЕДІ

 ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫ ЖАТТЫҚТЫРА БЕРЕДІ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастыра береді. Бұл жөнінде КФФ -ның бас хатшысы Қаныш Əубəкіров жеткізді. Ол соңғы кезде кейбір спорт порталдарының Талғат Маруанұлының жақын арада бас бапкерліктен кетеді екен деген сөздерін жоққа шығарды. Естеріңізде болса, осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне кандидат ретінде Станимир Стойлов, Владимир Муханов, Димитар Димитров сынды мамандар келуі мүмкін деген əңгімелер айтылған еді. Талғат Байсуфинов ұлттық құрама тізгінін жыл басында ұстап, қазірге дейін 8- ойын өткізді. Оның 2- жеңіс, 3- тең, 3- жеңіліс болатын...

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ! АЛДАҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫНАН НЕ КҮТІЛЕДІ?

 «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ!

АЛДАҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫНАН НЕ КҮТІЛЕДІ?

«Тараз» футбол клубы премьер- лигадан шығып қалса да, өзге командалар секілді ең соңғы орынмен кеткен жоқ. Тек, «Алтай» командасымен өтпелі ойыннан жеңіліс тапты. Алайда, жағдай неге бұлай болды деген сұрақтарға ешкім нақты жауап бере алмайды. Өйткені, соңғы шешуші ойын футболшылардың өздерінің қолында тұрды. Осы уақытқа дейін қаншама еңбек еткен ойыншылар сол соңғы ойында босаңсып қалды. Әйтпесе, «Тараз» командасының екінші кезең қорытындысымен жинаған ұпайы 35- еді. Бұл «Ақжайық» командасымен тең көрсеткіш болатын. Тек, осы екі команданың жеке ойындарынан ғана қонақтар алдыға шықты. Ал, «Жетісу» командасын біз осы екінші айналымда басып оздық. Өйткені, бірінші айналымның соңында біз «Жетісу» командасынан 11- ұпай артта қалып келген едік. Демек, екінші айналымда біздің құрам жоғарғы ұпай жинай білді. Алайда, «Тараз» командасына жыл басында жіберілген қателіктер, яғни 8- мәрте қатарынан жеңіліс табу таяқ болып тиді. Өйткені, команда сол кезде өте көп ұпай санын жоғалтқан еді. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Себебі 2016- жылғы футбол маусымына 9- бірдей жергілікті қосалқы құрамның тәжірибесі аз футболшылары алынған еді. Ол қаражат мәселесінің шектеулі түрде бөлінгендігімен де байланысты. Ұтылудың тағы бір факторы: Жыл басында «Тараз» командасының сенім артқан белді ойыншылары Зенькович, Голич, Недашковский, Шерхан, Таубай сынды футболшылары қатты жарақат алып, бірнеше ойындарға қатыса алмады. Осыдан кейін команда жазғы трансферлік терезенің ашылуын күтті. Екінші айналымда құрамға 8- бірдей жаңа ойыншы алынғанымен, ойынның негізгі 22- туры бірінші айналымда өтіп кеткен еді. Келген футболшылар қанша тырысқанымен, қалыптасқан жағдайдан шығуға мүмкіндік болмады. Себебі, қалған ойындар саны небары 10-ақ матч болатын. Қазіргі жағдайға келсек, келер жылдың бюджет мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ ол әлі күнге нақты емес. Себебі қараша айының 28- і күні ҚФФ-ның кезекті конференциясы өтіп, онда 2017- жылдың футбол регламенті бекітілетін болады. Осыдан кейін келер жылдың бас бапкерін тағайындау, жаңа футболшылармен келісім-шартқа отыру мәселесі жалғасын табады. Әзірге, былтыр келісімге келген барлық бапкерлермен, футболшылармен келісім-шарт толығымен аяқталды. Команда сапындағы өзгерістер мен өзге де жаңалықтар сіздерге алдағы уақытта міндетті түрде жарияланып отырады.

БАС БАПКЕРЛЕР ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛЕМІЗ?

 БАС БАПКЕРЛЕР ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛЕМІЗ?

"Тараз" футбол клубын биылғы футбол маусымында екі бас бапкер жаттықтырды.

 

Нұрмат МЫРЗАБАЕВ: "Тараз" футбол клубында 2016 жылдың 12-ші наурызынан бастап, 14-ші мамырына дейін 11- ойын өткізді. Нәтиже: 1-жеңіс, 2-тең ойын, 8-жеңіліс. Жалпы, жинаған ұпайы 5- ұпай.

 

Юрий МАКСИМОВ: "Тараз" футбол клубында 2016 жылдың 15- мамырынан бастап, 29- шы қазан айына дейін 22- ойын өткізді. Нәтиже: 9- жеңіс, 3- тең ойын, 10- жеңіліс. Жалпы, жинаған ұпайы 30- ұпай.

 

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 2016- ЖЫЛҒЫ ҚОРТЫНДЫСЫ. («ТАРАЗ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СТАТИСТИКАСЫ)

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 2016- ЖЫЛҒЫ ҚОРТЫНДЫСЫ. («ТАРАЗ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СТАТИСТИКАСЫ)

 

Биылғы жыл біз үшін несімен есте қалды. Әрине, бұл сұрақтарға жауап көп. Бірақ, алдымен біз «Тараз» футбол клубы ойындарының екі кезеңі бойынша статистиканы ұсынамыз:

1-ші кезең ойындары: Əрине, "Тараз" футбол командасының биылғы Қазақстан премьер - лигасындағы ойындары Жамбылдық жанкүйерлердің ұзақ уақыт есінде қалады. Барлығы 5- ай ішінде, 22 - ойын өткіздік. Бірінші ойынды жеңіспен бастап, екінші ойынды тең ойнадық. Ал, үшінші турдан бастап "Тараз" командасының басына қара бұлт үйірілді. Команданың сол жеңілістер сериясы 11- ші турға дейін жалғасты. Ештен кеш жақсы дейді қазақта. Осыдан кейін құрамға Украин бапкері Юрий Максимов шақыртылды. Алайда, осы тұста неге отандық мамандар келмеді деген әңгімелер де айтылды. Бірақ, Юрий бапкер Жамбыл футболын алға сүйреді. Жалпы, "Тараз" командасы бірінші кезеңнің 22-турында қарсыластар қақпасына 22- гол соққан екен. Алайда, өз қақпасына 28 - гол жіберіп алды. 22- турда 5- рет жеңіс тойын тойлап, 4- ойында тең аяқтадық. 13 -ойында жеңіліс тіркелді. Команда шабуылшысы Мəлік Мане барлығы 7- гол соғып, ең үздік 10- сұрмергеннің қатарына кірді.

2- ші кезең ойындары: Екінші кезең ойындары 14- тамыздан басталып, небары 10- тур ғана ойындар өткізілді. Екінші турда Тараздықтар сырт алаңда бастағанымен, өз алаңдағы ойындардың басым көпшілігінде жеңіске жеткендігін айта кету керек. Бұл сол кезде Жамбылдық футбол жанкүйерлері үшін үлкен қуаныш силады. Екінші кезеңде Жамбылдық футболшылар 5- рет жеңіске жетсе, 5- рет жеңілістің ашты дәмін тәтті. Бір ойын тең нәтижемен аяқталды. Екінші турда «Тараз» командасы 11- гол соқса, 12- гол өз қақпасына жіберіп алды. Команда сапындағы үздік ойыншы Мәлік Мане, жалпы саны 13- гол соғып, Қазақстанның ең үздік 5- сұрмергенінің қатарына ілікті. Екінші кезеңнің басында «Тараз» командасы жаңа құраммен шықты десек те болады. Ол бұрынғы ойыншыларға қарағанда әлдеқайда тәжірибелі футболшылар, Пищур, Эргашев, Тәжімбетов, Яковлев, Алиев, Киров, Григорьевтер еді. Аталған ойыншылардың барлығымен, оның ішінде баспкерлермен де биылғы жылдың 15- қарашасынан бастап келісім –шарт үзілді.

Тараз-Тобол 3:3

 Тараз-Тобол 3:3

Бүгін тағы футболдан «Ұлан» стадионында жолдастық кездесу өтті.  "Тараз" командасымен "Тобол" командасы 3:3 есебімен тең түсті.

 

Тараз-Тобол 2:1

Тараз-Тобол 2:1

Бүгін «Ұлан» стадионында жолдастық кездесуде, футболдан Тараздықтар Қостанайлық «Тобол» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Келесі ойын 16-шы қараша күні сағат 14:00-де  «Ұлан» стадионында өткізіледі.

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДАН БІРАҚ ШЫҚТЫ

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДАН БІРАҚ ШЫҚТЫ

«Тараз» футбол командасы, күні кеше Шығыс Қазақстандық «Алтай» командасымен болған өтпелі ойында 3:0 есебімен жеңіліс тауып, Қазақстан премьер- лигасы ойындарынан шығып қалды. Жамбылдық команда енді келер жылдан бастап бірінші лигада өнер көрсетеді. Қазақстан чемпионатындағы 32- тур ойындарында «Тараз» командасы 10- ойында жеңіске жетіп, 5- ойынды тең өткізді. 17- рет қарсы командаға жол берді. Яғни, 2016- жылдың футбол маусымы біздің команда үшін енді ұзақ уақыт есте қалатындай жағдайда болды. Өйткені, қуанған сәттер де, өкініштен өзек өртенген тұстар да болды. Бірақ, оның соңы осылай аяқталарын ешкім күткен жоқ. Жамбылдық футбол жанкүйерлері соңғы ойындарға дейін сенім артты. Алайда, доп домалақ деген. Кеткен кемшілік, жіберген қателіктер енді мықтап ескерілетін шығар. Өйткені, Тараз жері талай футбол тарландарын тудырған өлке. Ол әлі де солай бола беретініне сенеміз. Клуб басшылығы тарапынан биылғы футбол маусымының дәл ортасында бас бапкерді ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті маман Нұрмат Мырзабаевтың орнына алыстағы Украин жерінен білікті бапкер ретінде Юрий Максимов шақыртылды. Алайда, оның өзі қалыптасқан жағдайдан шығуға мүмкіндік бермеді. Бірақ, осымен өмір тоқтап қалмайды. Ендігіні «Тараз» командасының басты мақсаты команданы қайта жасақтап, премьер- лигаға қайта оралу. Бұл Жамбыл жігіттерінің қолынан келетін шаруа. Өйткені, өздеріңіз білесіздер бірінші лигаға сонау 2007-2008 жылдары түсіп, қайта тез арада оралғанымызды. Сондықтан Жамбылдық футбол жанкүйерлері, қандай жағдай болмасын, өз командамызға деген сенімді жоғалтпайық ағайын!

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ "АСТАНА" ФУТБОЛ КЛУБЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙДІ!

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ "АСТАНА" ФУТБОЛ КЛУБЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙДІ!

 «Тараз» футбол клубы күні кеше өткен футболдан Еуропа Лигасы ойындары аясындағы «Астана» ФК-ның ұжымын тең дәрежедегі ойын нәтижесімен құттықтайды. Кәрі құрлықтың айтулы доп додаларының бірі саналатын Еуропа Лигасында атақты «Олимпиакос» командасымен тең ойнап, бір ұпайға қол жеткізуі және келесі кезеңге өтулеріңіз үлкен жетістік деп санаймыз.

"ТАРАЗ" - "АЛТАЙ" ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫННЫҢ ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

"ТАРАЗ" - "АЛТАЙ" ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫННЫҢ ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

5- қараша күні өтетін футболдан Қазақстан премьер - лигасының "Тараз" жəне "Алтай" футбол командалары арасындағы соңғы өтпелі ойынға төрешілік ететін қазылар құрамы белгілі болды. Матчтың бас төрешісі: Артем Кучин (Қарағанды) Қапталдағы төрешілер: Елеш Құсайынов А. Аубакиров (Астана) Ойынның инспекторы: Юрий Ярышев.

«АСТАНА - АРЕНА» СТАДИОНЫ. «ТАРАЗ» - «АЛТАЙ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

 «АСТАНА - АРЕНА» СТАДИОНЫ. «ТАРАЗ» - «АЛТАЙ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

2016 –жылдың 5- ші қарашасы. Астана қаласындағы «Астана- Арена» стадионында Жамбылдық «Тараз» футбол командасы мен Шығыс Қазақстандық «Алтай» футбол командасы арасындағы түйісу матчы. (Стыковой матч) Екі команданың қай жеңгені Қазақстан премьер- лигасының 2017- жылғы маусымына жолдама алады. Сондықтан да екі футбол ұжымы үшін де бұл ойын аса маңызды. Ендеше, осы жауапты ойында жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз. Ойын Астана уақытымен сағат 14:00- ге жоспарланып отыр.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «АЛТАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖӨНІНДЕ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «АЛТАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖӨНІНДЕ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

«Алтай» футбол клубы. Бұл Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында жасақталған футбол ұжымы. Команда «Алтай» атымен 2016- жылдың қаңтар айынан бастап аталды. Әйтпесе, бұрын өздеріңізге жақсы таныс «Восток» командасы болатын. Яғни, бұрынғы «Восток» және «Спартак» командасы біріктіріліп, биылдан бастап осы атпен аталып келеді. Команда Өcкемен және Семей қалаларында жаттығу жұмыстарын өткізіп келеді. Биыл Қазақстанның бірінші лигасында сәтті өнер көрсетіп, премьер- лигаға өту жолында бақ сынап жатқан «Алтай» командасын Сергей Тимофеев жаттықтырады. Команда құрамында жергілікті және Ураина, Ресейден келген атақты футболшылар да бар. Олардың қатарында Пламен Димов, Денис Колодин, Денис Щеткин, Андрей Карпович секілді ойыншыларды айтсақ болады.

1998- ЖЫЛЫ ТУҒАН ТАРАЗДЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

1998- ЖЫЛЫ ТУҒАН ТАРАЗДЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Алматы қаласында аяқталған футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Қазақстан чемпионатында Тараздың 1998- жылы туған жастары финалға шыққандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жексенбі күні өткен сол финалдық ойында Жамбылдық жас футболшылар екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізді. Ол финалда "Ордабасы" командасымен ойнаған болатын. Қорытынды есеп 4:3. Алайда, "Қайрат", "Шахтер" командаларын айқын басымдықпен жеңіп финалға шыққан жерлестеріміздің биылғы ойынына көңіліміз толады дейді мамандар. Сонымен қатар Тараз ойыншысы Бақтияр Зайнуддинов чемпионаттың ең үздік ойыншысы болса, Артур Шушеначев ең үздік шабуылшы болып танылды.